Қазақстандық банктерден пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мәжбүрлеп алынады

Қазақстандық банктерден пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мәжбүрлеп алынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов Facebook желісіндегі парақшасында айтты. 

«Банктердің және басқа да қаржы институттарының кепіліндегі ауыл шаруашылығы жерлері бойынша…
Мен, бүгін 2022 жылғы 25 наурыз күні ҚР АШМ ЖРБК барлық аумақтық жер ресурстарын басқару департаменттеріне екінші деңгейдегі банктердің кепіліндегі, сондай-ақ олардың меншігіне немесе жер пайдалануына өткен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мәжбүрлеп алып қою жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырдым»
, — деді Теміржанов. 

Мұрат Теміржанов барлық жұмыс тек заң аясында  жүретінін атап өтті. 

Қазақстанда көші-қон заңын бұзған 1 200 адам елден шығарылады 

Қазақстанда көші-қон заңнамасына қатысты 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды.

Атыраудағы қанды қылмыс: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін 

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының қазасына қатысты тергеу жалғасып жатыр – негізгі күдікті Сұлтан Сарсемалиевке тағылған айыптар кеңейтілді.

Солтүстік Корея АҚШ аумағына жететін зымыран әзірлеп жатқанын мәлімдеді – БАҚ 

Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тары АҚШ аумағындағы нысандарды соққыға алуға қабілетті деп мәлімделген зымырандарға арналған жаңартылған реактивті қозғалтқыштың сынақтан өткенін хабарлады

ҚҚС 16%: Жаңа Салық кодексі кімге қалай әсер етеді? 

Қазақстанда Салық кодексін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде Үкімет жанынан құрылған арнайы жобалық кеңсе аясында мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен сарапшылардан түскен ұсыныстар қаралып, қолданыстағы нормаларды жетілдіруге бағытталған 60-тан астам мәселе талқыланған.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.