Қазақстанда жастар үшін бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы іске қосылмақ

Қазақстанда жастарға арналған бірыңғай тұрғын үй бағдарламасының жобасы әзірленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар арасында арнайы сауалнама жүргізген. «Сіздің ойыңызша, жастар өзін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болуы үшін не қажет?» деген сұраққа респонденттердің 40,9%-і «өз баспанасы» деп жауап берген.

Енді зерттеу орталығы Отбасы банкпен бірлесіп, жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және баспана жағдайын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізеді.

«Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді», — делінген хабарламада.

Айта кетсек, қазір жастарға арналған жеке бағдарламалар да жүзеге асырылып жатыр. Бұл «Елорда жастары», «Алматы жастары», «Қарағанды жастары», «Әулиеата жастары», «Қостанай жастары».

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...