12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда жарнама, баннер, көше, мекеме атауларындағы қателерді реттейтін заң енгізілмек

Жарнама, баннер, көшелерде жазу және мекеме атауларына қатысты жазбаларда тіл тазалығының сақталуы мен дұрыс аударма жасалу алдағы уақытта заңмен реттеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін ҚР парламент мәжілісі отырысының күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Аталған заңнаманы таныстарған ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынга, деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу талабы қазақ тіліндегі мәтіндердің сапасыз жазылуына, орфографиялық қателерге жол бермеуге бағытталғанын айтты.

«Мемлекеттік органдарға азаматтардан көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шағымдардың көптеп түсуі орын алуда. Яғни тіл тазалығына шағым көп. Осы орайда мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттың болмауын азаматтар Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабында бекітілген өз құқықтарына қысым жасау деп санайды. Көрнекі ақпаратқа қатысты заң бұзушылықтар бойынша  мемлекеттік органдарға 2018 жылы – 12 886 өтініш, 2019 жылы 12 900 өтініш келіп түскен. 2020 жылы көрнекі ақпараттар бойынша жедел желіге (call center) келіп түскен шағымдар саны  – 3442-ні құраған», — деді Ақбота Райымқұлова мәжілістің отырысында.

Сондай-ақ, министр жаңа заңнамадан күтілетін нәтижелерге тоқталып өтті.

«Мемлекеттік тілдің көрнекі ақпаратта міндетті түрде қолданылуын және деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мәтіндердің екі тілде тең түпнұсқалылығын сақтап жазуды қамтамасыз етпек. Одан бөлек, заң жобасын қабылдау еліміздегі тіл саясатын тиімді іске асыруға ықпал ететін болады, теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды», — деді ол.

Пожизненное лишение свободы в зеркале уголовной политики РК

На актуальные темы анализа уголовного права в Казахстане и...

В обход закона 

Тема коррупции и злоупотреблений в сфере государственных услуг находится...

Путь к устойчивому развитию и технологиям

МЕЖДУНАРОДНОЕ СОТРУДНИЧЕСТВО В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ ИГРАЕТ КЛЮЧЕВУЮ РОЛЬ В...

В Казахстане не намерены закрывать русские классы

Министр просвещения Гани Бейсембаев при этом отметил, что все...

В Алматинской области мобильная медицинская группа оказывает помощь жителям отдалённых сёл

В Алматинской области начала работу мобильная медицинская группа, состоящая...