Қазақстанда жақын арада жаңа қолжетімді ипотека пайда болады

Қазақстанда жақын арада жаңа қолжетімді ипотека пайда болуы мүмкін. Оның операторы «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» болады , — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта несиелеу механизмі мен шарттары пысықталып жатқаны, содан кейін жоба бекітуге жіберілетіні айтылады. Бірақ мемлекет бағдарламаны субсидиялауға ниетті екені белгілі.

«Қазіргі нарықтағы жағдайда ипотека 18-19 пайызға беріледі. Біз баға белгілеу талдауын жүргіздік. Орта тапқа қолайлы мөлшерлеме 11-12 пайыз екенін көріп отырмыз. «7-20-25″ өз мақсатына жеткеннен кейін, бұл ипотекалық кредиттеу нарығын, атап айтқанда, коммерциялық тұрғын үй және нарықтық ипотека бөлігінде қолдау бойынша қисынды жалғасы болады», — деп мәлімдеді «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары Олжас Салықов.

Компания мамандарының айтуынша, бағдарламаға кем дегенде сегіз банк қызығушылық танытып отыр. Олар жаңа тетікті зерделеуге, содан кейін кредит беруді бастауға дайын. Сондай-ақ, алдағы төрт жылда нарықты қолдау үшін билік бір триллионнан астам теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

Қолжетімді ипотека операторы болашақ қарыз алушының портретін де анықтапты. Бұл отбасына жалпы табысы жарты миллионға жуық теңгеге жететін және ай сайын 200 мыңнан төлеу мүмкіндігі бар орта тап өкілі екен. Бастапқы жарна бар болғаны — 20 пайыз.

Айта кетейік, пәтерді тек жаңа үйлер нарығынан немесе салынып жатқан үйден сатып алуға болады. Бұл ретте қарыздың ең жоғары сомасы әлі белгісіз.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.