Қазақстанда жаңа кеден бекеттері пайда болды

Қазақстанда жаңа кеден бекеттері пайда болды,  — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, «Құрық» кеден бекеті мен «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды, сондай-ақ «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді.

 1) Алматы қаласы бойынша МКД:

— «Алмалы — КРО» кеден бекеті қысқартылды;

 2) Ақмола облысы бойынша МКД:

— «Атбасар» кеден бекеті қысқартылды;

 3) Маңғыстау облысы бойынша МКД:

— «Қашаған» кеден бекеті қысқартылды;

— «Морпорт» к/б «Қарашекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды;

— «Құрық» кеден бекеті құрылды;

 4) Түркістан облысы бойынша МКД:

— «Түркістан-КРО» кеден бекеті «Түркістан-КРО-Әуежай» кеден бекеті болып қайта аталды.

Сондай-ақ, 14 қаңтардан бастап қысқартылған кеден бекеттерінде кедендік декларацияларды беру мүмкіндігі тоқтатылатыны айтылады.

«Осыған байланысты декларанттар мен кеден өкілдері кедендік декларацияларды беру үшін қызмет аймағында тауарлар кедендік бақылауда болатын басқа кеден бекетін таңдауға құқылы», — деді ведомство өкілдері.

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...