Қазақстанда зейнетке дейінгі азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетіледі

Қазақстанда зейнетке дейінгі азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін бағдарлама енгізу жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Зейнет жасына дейінгі жұмыссыздарды жұмыспен қамту мақсатында «Күміс жас» арнайы жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бастама 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүргізіледі. Жыл сайын бұл жоба 5 мың адамды қамтиды деп жоспарланып отыр», — делінген ведомство хабарламасында.

Қазір «Күміс жас» жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акті әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды.

«Жұмыс берушілер мен қызметкерлерге бірқатар талап қойылады. Жобаға бір жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан және тұрақты салық, басқа да әлеуметтік аударымдар жүргізген, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ барлық меншік нысанындағы кәсіпорын мен ұйым қатысады.

Жоба бойынша жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайы зиян және (немесе) қауіпті жұмыстарда, ұлттық кәсіпке сәйкес біліктілігі төмен қызметкерлердің 9-тобына жататын мамандықтар/кәсіптер бойынша құрылмайды», — деді министрлік қызметкері.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі 12 айдан аспайды және қатысу кезеңінде халықты жұмыспен қамту орталығы зейнет жасы алдындағы адамдар жалақысының бір бөлігін бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды.

«Жалақыға берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері жалақы мөлшерінің 50 пайызы болады, бірақ экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, 30 АЕК-тен аспайды», — деді министрлік қызметкері.

Жұмыс беруші қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін зейнетке дейінгі адамды зейнеткерлікке шыққанша тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...