Қазақстанда заң қабылданғаннан кейін зейнетақы мөлшері қанша болады

Нақтыланған республикалық бюджет туралы заңға президент қол қойғаннан кейін, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қосымша 4%-ке индексацияланады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, үш жылға нақтыланған республикалық бюджетте халықты әлеуметтік қолдауға қосымша 185 млрд теңге қарастырылған.

«Бұл қаражат зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қосымша 4%-ке индекстеуге бағытталады. Осылайша 2021 жылмен салыстырғанда ынтымақты зейнетақының жиынтық мөлшері 11%-ке, ал базалық зейнетақы мен басқа да төлемдердің жиынтық мөлшері 9%-ке өседі. Нәтижесінде әлеуметтік қамсыздандыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына арналған шығыстың жалпы көлемі 4,4 трлн теңгеден немесе республикалық бюджет шығысының төрттен бір бөлігінен (25%) асады», –  деді Сәкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол биыл зейнетақы төлеуге 3 трлн 64 млрд теңге қарастырылғанын (нақтылауды ескергенде) атап өтті. Оның ішінде республикалық бюджеттен 2 трлн 960 млрд теңге бөлінеді. Олар ынтымақты (еңбек) және базалық зейнетақыны төлеуге жұмсалады. БЖЗҚ-дан жасы бойынша жинақтаушы зейнетақы төлеу үшін 104 млрд теңге көзделген.

«Жинақтаушы зейнетақыны есепке алмағанда, зейнетақының (ынтымақты + базалық) орташа мөлшері осы жылдың 1 сәуіріне дейін 105 337 теңге болса, 1 сәуірден бастап 109 346 теңгені құрайды. Ал жинақтаушы зейнетақыны қоса есептесек, зейнетақының (ынтымақты + базалық + жинақтаушы) орташа мөлшері 133 337 теңгеден 138 616 теңгеге дейін өседі», — деді вице-министр.

Сәкеев жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысатындардың зейнетақысы шамамен 30 мың теңгеге көп екенін атап өтті.

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Великая история как драйвер экономики 

ВЕРНУВШИСЬ ИЗ КИТАЙСКОЙ ДУХОВНОЙ СТОЛИЦЫ – ДРЕВНЕГО ГОРОДА СИАНЬ,...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Школа патриотизма

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПОСЕТИЛ XII МЕЖДУНАРОДНЫЙ ВОЕННО-ПАТРИОТИЧЕСКИЙ СБОР МОЛОДЕЖИ «АЙБЫН», ПРОХОДИВШИЙ В ЩУЧИНСКЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. В ПРОГРАММЕ МЕРОПРИЯТИЯ – ВОЕННО-СПОРТИВНЫЕ, ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНЫЕ, ТВОРЧЕСКИЕ И ВОЕННО-ПРИКЛАДНЫЕ СОРЕВНОВАНИЯ.

Укрепление партнерских отношений

В Алматы в стенах Казахской академии спорта и туризма...