Қазақстандағы «қызыл» аймақтар бойынша мәлімет жаңарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ВАК-қа сілтеме жасап.
29 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары орналасқан.
«Жасыл» аймақта үш өңір бар — Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Еске салайық, 28 сәуірде Шымкент «қызыл» аймаққа оралды.