Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: ұйымдасқан қылмыстық топ басшылары ұсталды

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топ басшылары ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелермен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топ басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады және жауапкершілікке тартты», — делінген жарлықта.

ПД мәліметінше, арнайы операция нәтижелері бойынша ұсталғандардан мынадай қару-жарақ тәркіленген: екі «Калашников» автоматы, төрт «ПМ» тапаншасы, төрт «Глок» тапаншасы, револьвер, «ТТ» тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, «Сайга-410» тегіс ұңғылы карабині, «Оса» травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130-дан астам оқ-дәрі.

Ұсталғандарға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалған. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...