12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандағы ЭКО әдісіне 25 жыл

1995 жылғы 18 сәуірде Қазақстанда бедеулікті емдейтін алғашқы экстракорпоральді ұрықтану зертханасы – «Экомед» клиникасы ашылды. Сол уақытта клиниканың кәсіпқой ұжымы біздің еліміз үшін ғылыми жаңалық – денеден тыс ұрықтанған эмбрионды жатырға тасымалдауды сәтті жүзеге асырып, нәтижесінде 1996 жылғы 31 шілдеде Қазақстандағы алғашқы  «түтікшеден шыққан» бала дүниеге келді, оның авторы б.ғ.д., ЭКОМЕД клиникасының негізін қалаушы және ғылыми жетекшісі – Салтанат Байқошқарова болды.

(Фотода Салтанат Байқошқарова Қазақстандағы алғашқы ЭКО зертханасы – «Экомедте», сәуір 1995 жыл)

Жарты ғасырда бүтіндей бір қалашық ғажайып-балаларға өмір сыйлаған Қазақстандағы ЭКО әдісінің енгізілгеніне бүгін 25 жыл толды!

Бұл мерейлі жыл ЭКОМЕД клиникасы желісінің қызметкерлері мен емделушілері үшін  ерекше. Жылдың басында клиника желісінің басшылығымен осы мерейтойды салтанатты түрде атап өтуден және пайдасыз шаралардан бас тартып, оның орнына емделушілерімізге қайырымдылық көмек және көмекке мұқтаж балалар мен мүгедек жандарға қолдау көрсету туралы шешім қабылданды.

2020 жыл мемлекет басшысымен «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Осы жоғары рухани үлгіні басшылыққа алып, Қазақстанның алғашқы ЭКО-зертханасы «Экомед» бедеулік мәселесіне ұшыраған баласы жоқ жұптарға қайырымдылық шараларын жоспарлады. ЭКО жоғары технологиялы әдісіне кететін шығын көлемі аз емес, бұл көптеген отбасылар үшін ем туралы шешім қабылдаудағы шешуші фактор. Осыған байланысты Экомед желісінде клиниканың медициналық қызметтеріне қаржылық көмек беретін бірнеше бағдарламалар әзірленді. Жылдың басынан бедеулікті емдеумен айналысатын мамандандырылған клиникалар жоқ аймақтарға шығып тегін қабылдаулар өткізіле басталды, сонымен қатар емнің бірнеше кезеңінен өтетін клиника емделушілері үшін қомақты жеңілдік беретін бағдарламалар іске қосылды.

 

«Осы мерейлі жыл біздің клиникаларда «Қайырымдылық жылы» деп аталды. Қазіргі кезде елімізді және бүкіл әлемді пандемия жаулаған уақытта мерейтойды тойлайтын сәт емес. Бұл бәріміз бірігетін және әрбір адам өз мүмкіндігінше басқа адамдарға көмек көрсететін  уақыт! Біз жағдайдың тұрақталып, жақындарымыздың денсаулығы үшін қорықпай өзіміздің қалыпты өмірімізге және қызметімізге қайта ораламыз деп үміттенеміз.
Барлығына мықты денсаулық, бақыт және отбасыларыңызға амандық тілейміз! Болашақ ата-аналардың армандарын жүзеге асыруға көмектесу үшін бар күшімізді салатын уақыт жақын арада туындайды деп сенеміз!» — дейді «Экомед» ұжымы.

Қазақстан үшін бедеулік мәселесі маңызды, себебі жыл сайын шамамен 20 мың жұп бедеулікке шалдығады. Оның ішінде шамамен 8 мың жұп қосымша репродуктивтік технологияларға — яғни экстракорпоральды ұрықтандыруға (ЭКО) мұқтаж, бұл басқа әдістердің көмегімен жүктілікке қолжеткізу мүмкін болмаған жағдайда қолданылады.

Жалпы Қазақстанда бедеулікке шалдыққан некелер жиілігі 15 пайызды құрайды. ДСҰ мұндай деңгейді мемлекеттік проблема деп санайды, себебі бұл халықтың демографиялық көрсеткішіне кері әсер етеді.

Байланыс тұлғалары: Калиева Ардак  +7 701 520 2225; Eргалиева Сымбат +7 701 555 6168

Символ мудрости и трансформации

Символом наступающего нового 2025 года станет Зеленая Деревянная Змея....

Штраф либо лишение свободы

Вопросы борьбы с коррупцией всегда находятся орбите особого внимания...

Технологии будущего – в повседневную жизнь

На заседании Правительства под председательством Премьер министра РК Олжаса Бектенова...

Итоги года и новые горизонты

2024 год в Казахстане стал годом динамичных преобразований, когда...

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...