Қазақстандағы ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарына қарағанда жоғары

Қазақстандағы ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарына қарағанда жоғары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғиният бүгінде ауылда 7,8 миллион адам тұратынын, бұл ел халқының 41 пайызын құрайтынын атап өтті. Статистикаға сүйенсек, ауыл тұрғындарының 38 пайызы балалар, 62 пайызы ересектер.

«Зерттеу ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қала тұрғындарына қарағанда тұрақты жоғары екенін көрсетеді», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда биыл жалпы өлім көрсеткіші 14 пайызға төмендеген.

«Елде ауылдық медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы дамыған, бес мыңнан аса медициналық ұйым ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде екі мыңнан аса медициналық пункт, 800 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 мыңнан аса дәрігерлік амбулатория, 200-ден аса емхана, 203 аурухана бар», — деп қосты ол. Ажар Гиният.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...