Қазақстандағы ауасы лас қалалар аталды

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфукар Жолдасов Қазақстандағы ауасы лас қалаларды атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа отырысында сөйлеген сөзінде Жолдасов Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында елдегі экологиялық проблемаларға, әсіресе ауаға баса назар аударуды тапсырғанын еске салды.

«2021 жылы шығарындылардың нақты көлемі 2,4 миллион тонна болды. Бұл 2020 жылғы деңгейден алты пайызға төмен. Төгінді бойынша көрсеткіш 9 пайызға төмендеді. 4,2 миллион тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар түзілген. Қолданыстағы 3007 ТҚҚ полигонының 2404-і (80 пайызы) экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді», — деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, 2021 жылы экомониторинг нәтижесі бойынша Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент қалаларында атмосфералық ауа жоғары деңгейде ластанған.

«Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында ауаның ластануының негізгі себептері — жылу көздері (ЖЭО, қазандықтар), автокөлік және жеке сектор. Өскемен және Теміртау қалаларында — өнеркәсіп. Ал Ақтөбе және Атырау қалаларында кәріз-тазарту құрылыстары ескірген», — деді Зулфукар Жолдасов.

Проверили готовность к паводкам 

ВО ВСЕХ РЕГИОНАХ СТРАНЫ ПРОШЛИ ТРЕХДНЕВНЫЕ РЕСПУБЛИКАНСКИЕ КОМАНДНО-ШТАБНЫЕ УЧЕНИЯ...

Театр иллюзий: мечты и реальность 

УГОЛОВНОЕ ДЕЛО ПО БЕСПРЕЦЕДЕНТНОМУ ОБМАНУ 90 ТЫСЯЧ ВКЛАДЧИКОВ, ВОВЛЕЧЕННЫХ...

Исчезнувшая семья: следствие нашло ответ

РЕЗОНАНСНОЕ ДЕЛО В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПОЛУЧИЛО РАЗВЯЗКУ. ТРАГЕДИЯ, НАЧАВШАЯСЯ...

ГЛАВНОЕ ПРЕПЯТСТВИЕ В РАЗВИТИИ ОБЩЕСТВА

Проблема коррупции в современных условиях превратилась в проблему мирового...

Активная молодежь 

В МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ НА БАЗЕ YESSENOV UNIVERSITY СОСТОЯЛОСЬ ТОРЖЕСТВЕННОЕ...