Қазақстанда туризмді қолдауға 163 миллиард теңге бөлінеді

Қазақстанда туризмді қолдауға 2025 жылға дейін 163,7 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заң жобасы аясында ковидтен кейінгі кезеңде ынталандырудың жаңа шаралары әзірленді.

«Шаралар пакеті Мәжіліске енгізіліп, 2025 жылға дейін 163,7 миллиард теңге сомасына алдын ала мақұлданды. Жоба аясында туроператорларды әрбір шетелдік турист пен балаларға арналған ішкі ұшулар үшін субсидиялау, туристік нысандар мен жол бойындағы сервис объектілерін салу кезінде тау шаңғысы базалары мен туравтобустарға арналған жабдықтарды сатып алуға инвесторлардың шығындарын өтеу, сондай-ақ турдестинацияларда санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп ұстауды субсидиялау жоспарланды», — деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында Әбдірахымов.

Ол заң жобасы Мәжілісте екінші оқылымнан өтіп, енді жақын арада Сенатқа жіберілетінін айтты.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...