Қазақстанда темекі акцизінің бағасы өседі: Тоқаев заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа заңға қол қойды, 2024 жылы Қазақстанда темекі қымбаттайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Келісім 2024 жылдан бастап индикатив мөлшерлеме мен одан ауытқу диапазонын қолдануды қарастырады. Бірыңғай индикатив көрсеткіш және оның ауытқу диапазоны әр бес жыл сайын белгіленеді. 2024 жылы темекінің индикатив бағамы ұлттық валютада 1000 дана үшін 35 еуроға баламалы болып белгіленді.

Ұлттық банк мәліметінше, еуроның 2 сәуірдегі ресми бағамы — 501,15 теңге. 2024 жылы қанша болатыны белгісіз, бірақ қазіргі бағаммен есептесек, 1000 шылым шамамен 17,5 мың теңге болады.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...