12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда тағы бір ЖОО лицензиясынан айырылды

Алматыдағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ҚазМҮББУ) лицензиясынан айырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҒМ өкілдері университет қызметінде 2020 жылдың ортасында өрескел заңбұзушылықтар анықталғанын хабарлады.

«Жоғары оқу орнының бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентурасын оқыту процесі қажетті оқытушы құрамымен, тиісті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілмеген. Өзге де маңызды көрсеткіштер белгіленген ең төменгі нормаларға сәйкес келмейді», — деп түсіндірді министрлік өкілдері.

2020 жылы шілдеде ЖОО лицензиясы заңбұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылған болатын. Алайда қайта тексеру нәтижесі университетте заңнаманы өрескел бұзу деректері жойылмағанын көрсетті.

«Адам өмірі мен денсаулығы болашақ дәрігердің дайындығына байланысты. Бұл жағдайда біз сотқа жүгінуге мәжбүр болдық. Университетті жабу мәселесі сотта да, БҒМ комитетінде де қаралды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қаулысына сәйкес ҚазМҮББУ әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ЖОО-ға бас лицензиясынан айыру және айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану үкімі шығарылды», — деп түсіндірді БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрайымы Гүлзат Көбенова.

ҚазМҮББУ 2015 жылы Алматы ұйымы негізінде дәрігерлер біліктігін жетілдіру мақсатында құрылған. Бүгінде ЖОО-да үш мыңнан аса адам білім алып жатыр.

БҒМ өкілдері ҚазМҮББУ-да оқып жатқан студенттер гранты сақталып, басқа ЖОО-ға ауысатынын айтты. Оқу құны бұрынғы деңгейде сақталады. Оқытушыларды жұмысқа орналастыру мәселесі жеке қаралады.

Лицензиядан айыру туралы сот үкімі 10 жұмыс күнінде заңды күшіне енеді және ЖОО білім беру қызметін тоқтатуға міндетті болады.

Былтыр күзде Шымкенттегі академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті лицензиясынан айырылды.

Жалпы, 2020 жылы еліміздегі 128 ЖОО-ның 55-не жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде төрт оқу орны толығымен жабылып, тағы 25 жоғары оқу орны жеке бейіндер бойынша лицензияға 74 қосымшаны қайтып берді.

Колонию Астаны посетила представитель Уполномоченного по правам человека

С ознакомительным визитом колонию-поселения посетила представитель Уполномоченного по правам...

ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫ ҚАТАРЫНДА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІНІҢ ҮЛЕСІ АРТТЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жан басына шаққандағы жылдық жұмыртқа...

ДӘРІГЕРЛЕР ЕРЛЕДІ

Биыл көктем елімізге жайлы болмады. Дегенмен, осынау қиын кезде...

ӨҢІРДЕ ӨНІМДІ ІС КӨП

Ақмола облысында инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру...