Қазақстанда тағы бір мереке күнін белгілеу ұсынылды

Қазақстанда «Спорт бапкері күнін» ресми түрде енгізуді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Қазақстан спортшылар одағы» қоғамдық бірлестігі хабарлады.

«Елімізде көптеген кәсіби мереке атап өтіледі. Олардың ішінде Мұғалімдер күні, Энергетиктер күні, Қаржыгерлер күні бар. Бірақ, өкінішке қарай, күнтізбеде әлі күнге дейін Спорт бапкері күні жоқ. Спорт қоғамы атынан «Спорт бапкері күнін» ресми түрде еліміздегі кәсіби мерекелік күнтізбеге енгізуді ұсынамыз», — деді қоғамдық бірлестік төрағасы Азамат Қарлығашев.

Ұйымның баспасөз қызметі қазіргі уақытта мереке бейресми түрде 30 қазанда атап өтілетінін айтты. Алайда одақ 7 сәуір — атақты спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған күнінде Спорт бапкері күнін атап өтуді ұсынады.

«2021 жылдың 7 сәуірінде елімізде ұлы спортшы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы атап өтіледі. Біз  мерекені дәл осы күні атап өту дұрыс деп есептейміз», — деді Азамат Қарлығашев.

Бұл бастаманы Қазақстанның спорт ардагерлері қолдады.

«Бізде еңбек сіңірген бапкерлер көп. Олардың еңбегін бағалау қиын. Көпшілігі еліміздің атын бүкіл әлемге танытып, дәріптейтін әлемдік чемпиондарды тәрбиеледі. Бұл ретте бапкерлердің кәсіби мерекесі жоқ екені өкінішті», — деді бокстан КСРО-ның бес дүркін чемпионы, қазақстандық спортшылар одағының құрметті мүшесі Болат Теміров.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Садық Мұстафаев та осы пікірд қолдайды.

«Қазақстанда бапкерлерде ешқандай басымдық жоқ. Көбінесе олар жеңімпаз көлеңкесінде қалып қояды. Сондықтан оларға мемлекеттік деңгейде көбірек көңіл бөлу керек», — деді Садық Мұстафаев.

Қазіргі уақытта Қазақстан спортшылар одағы Президент Әкімшілігі мен Мәдениет және спорт министрлігіне ұсыныс хат жолдады. Одақ мүшелері ведомство берген ресми жауапты кейінірек хабарлауға уәде берді.

После принятия новой Конституции в стране успешно реализуются масштабные политические реформы – наблюдатель из Иордании

Международный наблюдатель, член Совета комиссаров Независимой избирательной комиссии Иорданского...

Мәре сызығы артта қалды: Меңдібай аға «Құрылтайға жол» ультрамарафонын Алматыда дауыс берумен аяқтады

Меңдібай аға өзінің парақшасында «Құрылтайға жол» шежіресіндегі қорытынды жазбасын...

Мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған – Сердар Мутта

Бүгін – Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлау күні. Дауыс...

МВД РК: ситуация в стране стабильная, грубых нарушений общественного порядка не зарегистрировано

По словам официального представителя Министерства внутренних дел РК Шынгыса...

ҚР ІІМ: елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша,...