12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда тұратын кедейлердің жағдайына олардың жалқаулығы, еріншектігі кінәлі — Ермахан Ибраимов

Танымал боксшы Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында қалалық мәслихаттың депутаты ретінде Қазақстанда тұрып жатқан халықтың жағдайына қатысты пікір білдірді. Боксшының сөзінше, елдегі кедейлердің күнкөрісі төмен болуына өздерінің жалқаулығы себеп деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бокстан Олимпиада чемпионы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты сұхбат барысында 30 жыл ішінде қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы едәуір жақсарғанын атап өтті. «Мен Қазақстаннан кеткен жоқпын. Егемендік алғанымызға 30 жыл болды. Қонаққа барыңыз, әр үйдегі дастарханға қараңыз. Бәрі өсіп-өніп жатыр. Қазақстанда бәрінің жағдайы жақсы, құдайға шүкір. Соны бағалай алмаған адамдар бар. 42 мың теңгеге ешкімнің күні қарап тұрған жоқ деп ойлаймын. Егер жұмыс істеймін, алға ұмтыламын деген адамға әрқашан жол ашық.

Мысалы үкімет ауыл шаруашылығын қолдау қорларын ашты, кәсіпкерлерді қолдау қорлары бар. Не істеймін десең де, барлық жағдай жасалып жатыр. Кредит аласың ба, оны бір жыл кейінге шегеріп төлемей тұра тұрасың ба, бір сөзбен айтқанда мен диванда жатпаймын, еңбек етемін деген адамға барлық жағдай жасалған. Қазақстанда тұрған кедейлердің жағдайына олардың жалқаулығы, еріншектігі кінәлі. Алға ұмтылмайды. Бұл менің жеке пікірім», — дейді Ермахан Ибраимов. Боксшы депутат ретінде күніне екі-үш адамнан қабылдап, халықтың мәселелерін шешіп жатқанын жеткізді. «Алматыда күніне екі-үш адамды қабылдап, олардың мәселесі бойынша керекті органдарға өзімнің визамды қойып жіберіп жатырмын. Жасаңдар, істеңдер, мықты болыңдар, алға ұмтылыңдар», — дейді боксшы. Ол журналистің еліміздегі кедейлердің саны туралы келтірген дерегін «арпа ішінде бір бидай» деп бағалады.

«18 миллион адамның 11 мыңы кедей болса, ол арпа ішінде бір бидай. Ол әрекет жасамағанның кесірі деп ойлаймын. Елімізде ешкім жерде қалмайды», — дейді мәслихат депутаты.

Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты: «ДЕПУТАТ ТА, МИНИСТР ДЕ ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУЫ КЕРЕК»

– Нұртай Салихұлы, Парламент Мəжілісіндегі Экономикалық реформа жəне өңірлер...

Новости для науки

В интервью, которое дал Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев газете...

Видеомониторинг и безопасность

В дух городах нашей страны в конце прошлого года запущена Национальная система видеомониторинга. Над созданием данного инновационного проекта работали сотрудничестве специалисты Министерста внутренних дел, Комитета национальной безопасности и Министерста цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности.

Дропперы в контексте виртуального мошенничества 

Понятие «дропперы» в лексиконе судебных и Правоохранительных органов появилось...