Қазақстанда сотталғандарды COVID-19-ға қарсы вакциналау басталды

Қазақстанда сотталғандарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық-атқару жүйесінің барлық аумақтық департаментінде вакцинация жүргізу жоспарланған. Елімізде барлығы 80 мекеме жұмыс істейді, ұсталғандар саны 32 мыңға жуық.

«Вакцинация 9 наурызда басталды. Осы аралықта 100-ге жуық жазасын өтеуші екпе салдырып, 60 адам вакцинадан бас тартты.

Вакциналау алғашқы болып Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесінде басталды. Бұған дейін Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарының қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) жеке құрамы вакцина қабылдады, қалған ҚАЖ департаменттерінде вакциналау кестеге сәйкес жүргізіледі», — делінген сайтты.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин халықты жаппай вакциналау бойынша тапсырма берген еді. 15 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда «Спутник V» бірінші компонентімен вакцинацияланған адамдардың жалпы саны 69 095 болды. Екінші компонентпен егілгендердің жалпы саны — 18 807 адам.

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...