Қазақстанда «сары» және «жасыл» аймақтағы карантин жеңілдейді — Атамекен

Атамекен» басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева «сары» және «қызыл» аймақтарда карантин жеңілдейтінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, 24 ақпанда Ведомствоаралық комиссияда «жасыл» және «сары» аймақтағы жағдай талқыланған. Ол 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

«1 наурыздан бастап «жасыл» аймақта:

1) Спорттық шаралардың көрерменмен өтуіне (адам саны талқыланып жатыр);

2) 50 адамға дейінгі еске алу шараларын өткізуге;

3) Бильярдтардың жұмысына;

4) үй-жайлардағы балалар ойын-сауық клубтарының қызметіне;

5) цирктерді жұмысына рұқсат етілді;

«Сары» аймақ үшін:

Жексенбі күні базарлардың, СОО мен сауда үйлерінің жұмысына шектеулер алынып тасталды.

АШЫҚ қосымшасы бойынша:

1) Боулинг;

2) Компьютерлік клубтар;

3) Фитнес-орталықтар, бассейндер — алдыңғы санаймақ бойынша жұмыс істейді», — деп жазды ол.

Электрондық дәлелдемелерді сотта қолданудың маңызы зор

Цифрландыру процесі барлық салада, оның ішінде сот құрылымында да...

Сталкинг үшін жауаптылық қарастырылған

Мемлекеттің ең басты байлығы – адам. Ешкімнің біреудің жеке...