Қазақстанда сайлау кезінде 10 бақылаушы учаскеден шығарылды

Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс беру кезінде 10 бақылаушы сайлау учаскелерінен шығарылғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Комиссиялар дауыстарды санауды бастады. Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Қоғамдық тәртіпті сақтаудан басқа, олар бюллетеньдер мен хаттамаларды аудандық және облыстық комиссияларға жеткізген кезде олардың сақталуын қамтамасыз етуге қатысады.

Сайлау кезеңінде елеулі құқықбұзушылықтар тіркелген жоқ. Кішігірім оқиғаларды қоспағанда. Мысалы, әртүрлі қалалардағы комиссия төрағаларының актілері бойынша санитарлық шектеулерді бұзғаны, комиссия жұмысына кедергі келтіргені, сайлау учаскелерінде болу ережелерін сақтамағаны үшін 10 бақылаушы мәжбүрлі түрде шығарылды», — деді ІІМ басшысының орынбасары ОКҚ брифингінде.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...