Қазақстанда өрт сөндірушілердің жалақысы айтылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда өрт сөндірушілердің жалақысы туралы айтты. 20 жылдан аса еңбек өтілі бар өрт сөндіруші 177 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылдың қаңтарынан бастап өрт сөндірушілердің жалақысы 20 пайыздан 65 пайызға дейін өсті. Азаматтық қорғау органдарының 19 мыңнан аса қызметкерінің жалақысы артқан.

«Өрт сөндірушінің жалақысы еңбек өтіліне, білігіне және атағына (бір жылға дейінгі еңбек өтілі бар азаматтық қорғау сержанты) байланысты 2020 жылы орташа есеппен 99 000 теңге, 2021 жылы 108 000 теңге болды.

Еңбек өтілі жоғары өрт сөндірушінің (20 жылдан аса жұмыс өтілі бар азаматтық қорғау сержанты, «1-дәрежелі маман-тәлімгер» білігі бар) жалақысы 2020 жылы 160 000 теңгені, 2021 жылы 177 000 теңге болды», — деді ТЖМ өкілі.

Айта кетейік, 2020 жылдың соңында Қазақстанда орташа жалақы 238-ден 301 мыңға дейін, полиция қызметкерінің айлығы 96 112-ден 178 324 теңгеге дейін, мұғалімдердің жалақысы 184,4 мың теңге болған еді.

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...