Қазақстанда психикалық ауытқуы бар 300 мыңнан астам адам есепте тұр — ДСМ

Қазақстанда психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар 300 мыңнан астам азамат мамандар есебінде тұр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті жауап берді.

«Психиатриялық есеп» ресми тұжырымдамасы қазір «динамикалық бақылау» деп аталды. Ол созылмалы немесе ұзаққа созылған психикалық және мінез-құлық бұзылуынан зардап шегетіндерге тағайындалуы мүмкін, олар ауыр, тұрақты көріністерге ие. Психиатр-дәрігер немесе дәрігерлік-консультациялық комиссия осындай байқау белгілеуге құқылы.

«Дәрігер науқасты бақылау қажет екені туралы хабардар етеді. Сондай-ақ, ол тексерулер, зертханалық және аспаптық зерттеулердің тізбесі, көлемі, кезеңділігі, сондай-ақ динамикалық бақылау мерзімдері туралы хабарлайды. Пациент жазбаша келіскен жағдайда оған динамикалық бақылау тағайындалады.

Ерікті динамикалық байқаудан бас тартқан жағдайда адам дәрігерлік-консультациялық комиссияның отырысына жіберіледі. Онда оның немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз динамикалық бақылау орнату мәселесі шешіледі», — деді Денсаулық сақтау министрлігінің департамент өкілдері.

РЕКЛАМА

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың аяғында динамикалық бақылауда 300 420 адам болған. Сонымен қатар, сол 2021 жылы тағы 16 813 адам жағдайының жақсаруына байланысты есептен шығарылған.

«Есептен шығару және басқа бақылау тобына ауыстыру учаскелік психиатр дәрігердің ұсынуы бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асады. Азамат тұрғылықты жері бойынша комиссиядан өтуі керек», — деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Сондай-ақ, 2021 жылдың тоғыз айында 15-17 жас аралығындағы тоғыз жасөспірімге динамикалық бақылау тағайындалған. Олар өзіне қол жұмсауға әрекеттенуіне байланысты есепке алынған. Есептен шығу үшін мұндай жасөспірімдер де психиатр дәрігерінің ұсынысы бойынша ДКК-дан өтуі керек.

Департамент мәліметінше, Алматыда бір науқасқа айына 13 906 теңге бөлінеді. Бұл сомаға науқастарға медициналық-әлеуметтік қызметтер кешені кіреді.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...

Личность, аналитичность и профессионализм 

ВСЕ ПРОФЕССИИ ПОЛИЦЕЙСКОЙ СЛУЖБЫ ТРЕБУЮТ ОСОБОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ, КОМПЕТЕНТНОСТИ, ПРИНЦИПИАЛЬНОСТИ...

Как толпа меняет поведение

ПРЕДСТАВЬТЕ ОБЫЧНУЮ СИТУАЦИЮ, КОГДА НЕСКОЛЬКО ЧЕЛОВЕК СТАНОВЯТСЯ СВИДЕТЕЛЯМИ КОНФЛИКТА...

Жаңа өнеркәсіптік саясат, өңдеу секторы және индустриялық-инновациялық даму

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың даму қарқыны өндірістік технологиялардың жетілуімен,...