Қазақстанда проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жетті — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев проблемалық несиелер көлемі жарты триллион теңгеге жеткенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінгі күні проблемалық несиелердің көлемі жарты триллион теңгеге жетті. Бір миллионнан астам адам өз міндеттемелерін өтей алмай отыр. Олардың көпшілігі ескісін жабу үшін жаңа несие алуға мәжбүр. Сондықтан 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы» Заң күшіне енеді», — деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент сондай-ақ субсидиялау мөлшерлемелерін саралауға икемді көзқарас қажеттігін айтты.

«Сонымен қатар, Ұлттық банктің ноталары бойынша банктердің табыстарына салық салу қайта қаралатын болады. Бұл оларға экономикаға тікелей әсер етпейтін жоғары кірісті қаржы құралдарына емес, нақты бизнес жобаларын несиелеуге инвестиция салуға қажетті ынталандыру береді.

Шамадан тыс несиелеудің «дәрежесін төмендету» керек. Өкінішке орай, бейсаналық тұтыну елеулі теңгерімсіздіктерге әкелуі мүмкін, олардың белгілерін көріп отырғанымызға бірінші жыл емес», — деді Мемлекет басшысы.

Наурыз – табиғат пен адамның үндестігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күні –...

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...