spot_img
spot_img

Қазақстанда президент мандатына қатысты түзетулер сайлауға дейін енгізілмек

Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев Конституцияға түзетулерге қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Биылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялағанын білесіздер.

Ондағы маңызды саяси бастамалардың бірі — Президенттің мандатын қайта сайлану құқығынсыз жеті жылдық бір мерзіммен шектеу.

Мәжіліс депутаттары осыған қатысты түзетулерді Конституцияға енгізу мәселесін жеделдетуді ұсынды.

Олардың пайымдауынша, жаңа нормаларды президент сайлауына дейін қабылдаған жөн. Әйтпесе, Конституцияның қазіргі ережелері бойынша осы күзде Президент болып сайланатын адамға жеті жылдық мерзімге қайта сайлануға мүмкіндік беретін заңды жағдайлар туындауы мүмкін.

Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін Конституцияға түзетулер енгізу қажет. Осыған байланысты, Мәжіліс депутаттарының ұсынысымен тиісті Заң жобасы әзірленді.

Заң жобасында Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі туралы және оның бір реттен артық сайлана алмайтыны жөніндегі нормаларды кейін өзгертуге жол бермейтін ереже енгізу де көзделген.

Бір адамның бір рет қана сайланатыны туралы норма Конституцияға енгізілетін түзету күшіне енгеннен кейінгі президент сайлауында Мемлекет басшысы болып сайланатын адамдарға қолданылатын болады.

Конституцияға түзетулер алдағы сайлауға және Президент жеті жылдық мерзімге сайланғанға дейін қабылданса, осы жолы Президент атанатын азамат үшін және одан кейінгі барлық Мемлекет басшылары үшін президент сайлауына қайта қатысу мүмкіндігі заңмен шектеледі.

Президент өкілеттігінің жеті жылдық мерзімі белгіленуіне байланысты осы заң жобасында Конституциялық Сот судьяларының қызмет мерзімін алты жылдан сегіз жылға ұзарту ұсынылды. Олар да бұл лауазымға қайта тағайындалмайтын болады.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі оларды тағайындайтын тұлғалардың, яғни Президенттің және Парламент депутаттарының өкілеттік мерзімінен ұзағырақ болады.

Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі олардың түрлі саяси күштердің ықпалынан тәуелсіз болуына басты кепілдік болып саналады.

Конституциялық Сот 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастайды. Сондықтан, оның судьяларының өкілеттік мерзімін ұлғайту туралы шешімді қазірден-ақ қабылдаған маңызды болмақ.

Ата заңымыздың 91-бабының 3-тармағына сәйкес заң жобасы Конституциялық Кеңеске жолданды.

Кеңес Негізгі заңға енгізілгелі отырған түзетулердің Конституцияның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігіне қорытынды береді», — делінген оның үндеуінде. 

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ: ӘДІЛЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ПЕН АШЫҚТЫҚҚА ЖОЛ

Қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде сот жүйесін цифрландыру — әділ сот төрелігіне қолжетімділікті арттырудың басты тетігі ретінде қарастырылады. Қазақстан да бұл бағытта қарқынды қадамдар жасап келеді. Электрондық сот ісін жүргізу – цифрландырудың негізгі жетістігі. "Төрелік", "Сот кабинеті", "Е-апелляция", "Е-қылмыстық іс" сияқты электронды платформалар азаматтар мен заңды тұлғаларға сот процесіне қашықтан қатысуға, құжаттарды онлайн тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл уақыт үнемдеуге, бюрократиялық кедергілерді азайтуға ықпал етеді. "Сот кабинеті" сервисі арқылы пайдаланушылар: - талап арыздар мен өтініштерді онлайн бере алады; - істің мәртебесін қадағалап отырады; - сот актілерін жүктей алады; - онлайн түрде тыңдауға қатыса алады. Артықшылықтары: - Жылдамдық және тиімділік; - Ашықтық пен айқындық; - Адам факторын азайту; - Құжат айналымын оңтайландыру. Цифрландыру сондай-ақ...

Алқабилер соты: Қоғамның әділ сотқа қатысуының кепілі

Алқабилер соты — азаматтардың сот төрелігіне тікелей қатысуын қамтамасыз ететін ерекше сот институты. Бұл жүйе — қоғам мен мемлекеттік сот билігі арасындағы көпір іспетті. Қазақстан Республикасында алқабилер соты 2007 жылдан бастап енгізілген. Оның мақсаты – сот үдерісінің ашықтығы мен әділеттілігін арттыру, халықтың сотқа деген сенімін күшейту. Алқаби болу талаптары: - 25 жасқа толған ҚР азаматы;   - Соттылығы жоқ;   - Психикалық немесе басқа ауыр сырқатпен есепте тұрмайтын;   - Мемлекеттік қызметте немесе құқық қорғау органдарында жұмыс істемейтін тұлға болуы қажет. Алқабилер соты — азаматтық қоғамның дамуы мен сот билігінің ашықтығының көрсеткіші. Бұл жүйе халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттырып, әділдік салтанат құруына жол ашады. Сондықтан алқабилер институтын жетілдіру — заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Алқабилер соты – бұл демократиялық мемлекеттің басты белгілерінің бірі ретінде танылатын, халықтың сот төрелігіне тікелей қатысуының ерекше нысаны. Қазақстанда бұл институт алғаш рет 2007 жылы Қылмыстық-процестік кодекске енгізіліп, қазіргі таңда қылмыстық істердің белгілі бір санаттары бойынша қолданылады. Алқабилер тек соттың бір бөлігі ретінде емес, әділ сот төрелігін жүзеге асырушы құрам ретінде маңызды рөл атқарады. Олар кәсіби судьялармен қатар отырып, істің мән-жайын зерттейді, тараптардың дәлелдерін тыңдайды және дауыс беру арқылы айыпталушының кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтайды....

Мекемедегі сотталған азаматшалар қысқы киім үлгісіне көшірілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 түзеу мекемесінде...

Жабық сот отырысын жүргізу тәртібі

Республикамызда азаматтық заңдар тәртібіне сәйкес, азаматтық істер барлық сот...

Сот отырысына қатысушылардың мәдениеті

Сот отырысындағы тәртіп процесстік нормаларды нақты сақтау арқылы, сондай-ақ...