Қазақстанда полицейлердің зейнетке шығу жасын көтеру жоспарланды

Қазақстанда полиция қызметкерлеріне зейнетке шығу жасын көтеру жоспарланды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби шеберлігі жоғары. Соған қарамастан 45-55 жасында зейнетке шығып, жұмыстан кетуге мәжбүр. Кейін олар әртүрлі коммерциялық құрылымда жұмыс істейді. Біз бұл мәселені көтеріп жатырмыз және зейнетке шығу жасын да қарастырамыз», — деді Тұрғымбаев Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, майор шеніндегі қызметкерлерге зейнеткерлік жасты 52 жасқа дейін көтеру жоспарланған. Подполковниктер үшін — 55 жас, полковниктер үшін — 58 жас, жоғары басшылық құрам үшін — 63 жасқа дейін.

«Біз әлі де жобаны талқылап жатырмыз. Басқа елдерде зейнет жасы басқаша. Мысалы, Ресейде — 60 жас, Жапония, Германияда — 65 жас. Біз бұл мәселені де қарастырамыз», — деді ол.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...