12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда пара беру мен оған делдал болғандардың жазасы қалай өзгерді?

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов пара бергені, парақорлыққа делдал болғаны және бизнеске заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Соңғы екі жыл ішінде Антикор қызметі пара берген 480 дерек және парақорлыққа делдал болған 37 дерек анықтады. Ал бизнес қызметіне заңсыз араласудың 713 дерегі тіркелді. Егер кішігірім айыппұлдарды ғана есептейтін болсақ, онда пара бергендер мен делдалдарға қатысты бюджетке 600 миллион теңге төлеу туралы үкім кесілді», — деді Бектенов Антикордың Facebook парақшасында өткен онлайн-брифингте.

Антикор өкілі бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қылмыстық кодекске тиісте түзетулер енгізілгенін атап өтті.

«Бұрын азаматтарға Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігінде қарастарылған «Айтарлықтай ірі көлемде пара бергені» үшін ең көп дегенде 5 жыл бас бостандығынан айыру көзделіп, бұл әрекет орта дәрежедегі қылмыс болып есептелетін. Ал жаңа редакцияда (заң нормасында — еск.) жазалаудың жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұзартылды және сәйкесінше ауыр қылмысқа жататын болды. Бұл дегеніңіз шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және жазасын қауіпсіздігі төмен колонияда өтеуге мүмкіндік бермеу болып отыр», — деді ол.

Сондай-ақ спикер жоғарыда айтылған жаза пара беруге бірнеше рет делдал болған немесе қылмыстық топпен бірлесе, я болмаса қызмет бабын пайдалана атқарған сотталғандарға да қатысты болатынын ескертті.

«Бас бостандығынан айыру мерзімінің ұлғаюынан бөлек пара беру мен парақорлыққа делдал болғандардың айыппұлы да өсті. Пара бергендер үшін (50 АЕК немесе 145 мың теңгеге дейін) айыппұлдың төмен көрсеткіші екі есе өсті — параның 10 еседен 20 есеге дейінгі мөлшерінде төлеу керек. Мысалмен түсіндірейін: азамат 100 мың теңге пара бергені үшін сотталса, онда сот оған кемінде 2 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығара алады. Бұрын айыппұлдың төмен мөлшері 1 миллион теңге болатын», — деп түсіндірді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, парақорлыққа делдалдар үшін де айыппұлдың төмен шегі екі есе ұлғайды: бұрын пара сомасынан 5 еседен 10 есеге дейін болса, енді 10 еседен 20 есеге дейін айыппұл төлейді.

Олжас Бектенов азаматтардан мәселесін заңсыз сыйақы беріп шешуден бас тартуға шақырып, мұндай қылмыс үшін қатаң жаза қарастырылғанын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-жалпыға ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...

Тергеу мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тығыз жұмыс атқарады

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Велосипед ұрлаған азаматқа жаза өтеудің міндеттері түсіндірілді

Жуырда Қызылорда қалалық пробация есебіне алынған Р. есімді азаматқа...

ҚАЖД басшысы сотталған әйелдерді Жауғаштыға қабылдады

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Глава ДУИС принял осужденных женщин в Жаугашты

Начальник Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Алматы, Алматинской области...