Қазақстанда онлайн университеттер құрылады

Қазақстанда онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа формат — онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн университеттер ашылады», — деді Қуаныш Ерғалиев.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттар саны 5 мыңға ұлғайып, оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінеді.

Сонымен қатар, ол «Болашақ» бағдарламасының бағытын өзгерту және реформалау жұмыстарының басталғанын хабарлады.

21 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» білім беру бағдарламасының бағыты өзгеретінін мәлімдеген.

«Біз экономистерді, заңгерлерді, менеджерлерді көп дайындаймыз. Қазір техникалық бағыттарға ден қоюымыз керек. Болашақ бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, оның ішінде Ресейге, мүмкін ең алдымен Ресейге, белгілі техникалық жоғары оқу орындарына жібереміз», — деді Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСӘЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....