Қазақстанда наурыздан бастап не өзгереді?

Елімізде наурыздан бастап бірқатар өзгеріс болады. Tengrinews.kz тілшісі көктемнің алғашқы айынан бастап елімізде болатын өзгерістерге шолу жасады.

Наурызда қазақстандықтар 12 күн демалады

2022 жылы 8 наурыз сейсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтіндерге — 5 наурыз жұмыс күні, 2022 жылғы 6, 7, 8 наурызда демалыс болады.

Ал аптасына алты күндік жұмыс істейтіндерге — 5 және 7 наурыз жұмыс күндері, 2022 жылдың 6 және 8 наурызы демалыс, ал 9 наурыз — жұмыс күні.

Сондай-ақ, Наурыз мейрамы кезінде аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады — 2022 жылдың 19, 20, 21, 22, 23 наурызында. Аптасына алты күндік жұмыс істейтіндерге сенбі 19 наурыз жұмыс күні, одан кейін 4 күн — 2022 жылдың 20, 21, 22, 23 наурызы демалыс.

Республика бойынша құлақтандыру дабылы іске қосылады

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында 1 наурызда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі. Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.

ТЖМ мәліметінше, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі. 

Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтеді

Съез онлайн форматта өтеді. Бұл туралы партияның баспасөз хатшысы Асхат Оралов хабарлаған болатын. Президент XXII съезді шақыру туралы шешімді 18 ақпанда қабылдады. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды. Асхат Ораловтың сөзінше, съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.

Көктемгі әскерге шақыру басталады

Қорғаныс министрлігі 17 мыңға жуық жасты шақыруды жоспарлап отыр. 1 шілдеге дейін қарулы күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның қатарын он жеті мыңнан астам әскерге толықтырады. Мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының 18-ден 27 жасқа дейінгі, кейінге қалдыру немесе босату үшін негіздері жоқ азаматтары жатады.

2021 жылғы көктемгі әскерге шақыру басталғаннан бастап әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік қызметтер болып саналады. Қызмет азаматтарға «электрондық үкімет» порталы арқылы ұсынылады. Бұл қызметтерді көрсетуге жергілікті атқарушы органдар жауапты.

Нұр-Сұлтанда жаңа ақылы тұрақтар жұмыс істей бастайды

1 наурыздан бастап нөмірі 11, 2*, 3*, 4* тұрақ аймақтары әкімшілендірумен жұмыс режиміне ауыстырылады. Төлем — сағатына 100 теңге. Ақылы автотұрақтардың жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: 8.00-ден 20.00-ге дейін. Демалыс және мереке күндері тегін.

Темекі қымбаттайды

Қазақстанда 1 наурыздан бастап темекі қымбаттайды.

Қаржы министрі 2022 жылғы 22 ақпандағы бұйрық бойынша фильтрлі темекіге, фильтрсіз темекіге, папиросқа ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгіледі.

Енді 20 темекі пакетінің ең төменгі бағасы:

550 теңге — 2022 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 маусымға дейін;
570 теңге — 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
600 теңге — 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап.

DiDi такси қызметі Қазақстандағы жұмысын тоқтатады

Сервис жұмысы 4 наурыздан бастап Қазақстанда ғана емес, Ресейде де тоқтайды. Компания өкілдерінің сөзінше, сервистің Қазақстандағы жұмысын тоқтатуына нарықтық жағдайлардың өзгеруі себеп болған.  

Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң күшіне енеді

«Алматы» телеарнасының мәліметінше, жаңа заң және әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілер пакеті жануарларға қатысты иттерді төбелестіру, ветеринарлық операцияларды наркозсыз жүргізу, жануарларды жазасыз өлтіру, жануарларды қинап, дер кезінде көмек көрсетпеу, мейірімсіздікпен аулау сияқты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды.

Сонымен қатар, жаңа заңға сәйкес 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жануарлардың иелері үй жануарларын тіркеуі керек. Заң күшіне енгеннен кейін Қазақстанда қаңғыбас жануарларды аулау және өлтіру тоқтатылады.

“Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер“. Тоқаев Алатаудың құжаттарын қабылдауға уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте...

Мемлекет басшысы Alatau City жобасына қатысты ескерту жасады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ЗАҢМЕН РЕТТЕЛУI КЕРЕК

Экологиялық қауіпсіздік мəселесі бүгінде əлемдік күн тəртібіндегі ең маңызды тақырыптың біріне айналды. Климаттың өзгеруі, өндірістік шығарындылардың артуы, тұрмыстық қалдықтардың көбеюі жəне табиғи ресурстарға түсетін салмақ мемлекеттерді экологиялық саясатты түбегейлі қайта қарауға мəжбүрлеуде. Қазақстан да бұл үдерістен шет қалып отырған жоқ.

Елімізде балаларға медициналық көмек көрсету тәртібі жаңарады 

Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсетудің жаңа моделі енгізіледі. Өзгерістер педиатрлар мен жалпы практика дәрігерлерінің жұмысына әсер етеді.

Биыл әскерге алынғандарға қандай жеңілдік бар?

Президент Жарлығына сәйкес 2026 жылғы 17 наурыз бен 30 маусым аралығында өтетін көктемгі әскерге шақыру науқаны әлі жалғасып жатыр.