Қазақстанда мешітте намаз оқу кезінде маска тағу міндетті ме

Қазақстанда ораза кезінде жамағатпен намаз оқуда маска тағып, арақашықтықты сақтау міндетті емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар мәлімдеді. 

«Өздеріңіз білетіндей, мамандардың айтуынша соңғы уақытта елдегі эпиджағдай тұрақталып, карантин талаптары шетінен алынып жатыр. Осыған орай жамағатпен оқитын намаз кезінде маска тағу әркімнің өз еркінде. Сонымен қатар намаз оқу кезінде арақашықтықты сақтау да міндетті емес. Яғни қалыпты жағдайда өтеді деп жоспарлап отырмыз», — деді наиб мүфти Ершат қажы Оңғар Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биылғы Оразада 5 уақыт намаз ел мешіттерінде қалыпты жағдайда оқылады.

«Бүгінде барлық мешіттердің есігі ашық. Кез келген уақытта барып, ниет етіп, құлшылық жасауға болады. Сонымен қатар Ораза кезінде қайырымдылық жасап, садақа беру маңызды. Осы орайда садақа берудің бірнеше тәсілі бар. Атап айтқанда, мешіттердің жанында арнайы терминалдар қойылған. Одан бөлек, мобильді телефондағы түрлі қосымшалар арқылы да садақа ету мүмкіндігі бар», — дейді ол.

Бұған дейін басқарма төрағасының орынбасары Ораза ұстаған адам вакцина алуға бола ма деген сауалға жауап берді. Айта кетейік, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады.

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...

V СЪЕЗД СУДЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

НА ПЯТОМ СЪЕЗДЕ СУДЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН, КОТОРЫЙ СОСТОЯЛСЯ 18...