Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгереді

Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін өзгерту жоспарланып жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (МҚІА) төрайымы Анар Жайылғанова мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2020 жылдың желтоқсанында мемлекеттік қызметке кірудің жаңа тәсілдері таныстырылды. Президент бастаманы қолдағанын да айтты.

«Аталған тәсілдерді еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгенге дейін (2021 жылдың 1 шілдесіне дейін — автор.) пилот режимде апробациялау жоспарланды. Жалпы алғанда, тәсілдер мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін және факторлық-балдық межені синхрондауды көздейді, іріктеу құралдары қайта қаралды. Бұл ретте процестің үш сатылығы сақталды: тестілеу, білігін бағалау, әңгімелесу. Айтылған өзгерістер мемлекеттік қызметшілердің сапалы құрамын күшейтуге ықпал етеді», — деді Анар Жайылғанова агенттіктің алқа отырысында.

Агенттік басшысы 2020 жылы жекелеген саяси лауазымдарға біліктілік талаптарын белгілеуді көздейтін жарлық қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл талаптарға тиісті білім, жұмыс тәжірибесі мен құзыреттілігі кіреді.

«Кәсіби даярлық сапасын қамтамасыз ету үшін агенттік жанындағы Үйлестіру кеңесі мемлекеттік қызметшілердің білігін арттыру бойынша білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардың тізімін жасайды. Сонымен қатар, 2020 жылы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен білігін арттырудың құнын есептеудің бірыңғай әдістемесі бекітілді», — деп толықтырды Жайылғанова.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...