Қазақстанда өлім жазасы мүлде жойылады — Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот құрылатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр. Алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді», — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президентінің төрағалығымен реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті. Мемлекет басшысы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

AI-проекты: решение реальных задач

ВТОРОЙ ЭТАП ПРОГРАММЫ AI-SANA – ОДНОЙ ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ИНИЦИАТИВ,...

Когда пенсионные накопления под угрозой 

Согласно статистике Агентства по финансовому мониторингу, в 2025-2026 годах...

Строительный кодекс: семь решений законодателя

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА СТРОИТЕЛЬНОЕ ПРАВО КАЗАХСТАНА ФАКТИЧЕСКИ ВСТУПИЛО...

Уроки духовности

ДУХОВНОМУ И ПАТРИОТИЧЕСКОМУ ВОСПИТАНИЮ КУРСАНТОВ В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД...

Акцент – на профилактику

О НЕОБХОДИМОСТИ СИСТЕМНОЙ И НЕПРЕРЫВНОЙ РАБОТЫ ПО РЕШЕНИЮ ПРОБЛЕМ...