12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда коронавирустың «стелс-омикрон» штаммы анықталды

Қазақстанда коронавирустың «стелс-омикрон» штаммы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларындағы ПТР скринингінің қорытындысы бойынша коронавирустық инфекцияның әртүрлі штаммдарының айналымы белгіленді. Барлық облыстарда омикрондық штамм – 98,6 пайыз, оның ішінде 12 облыста «стелс-омикрон» анықталды. 36,7 Дельта штаммының айналымы да жалғасуда және зерттелген үлгілер санының 1,4 пайызын құрайды», — делінген хабарламада.

ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін бүкіл геномды секвенирлеу жүргізілуде, ол мамыр айының соңына дейін аяқталады, деп қосты Денсаулық сақтау министрлігі.

«Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, министрлік коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алып, ревакцинация жасауды ұсынады. Алты ай және одан да көп уақыт бұрын екпе курсын алған адамдар қайта вакцинациялануы қажет екенін еске саламыз. Қазіргі уақытта Қазақстандықтар вакцинаның үш түрімен (Pfizer, Sinopharm және QazVac) вакцинациялана алады, оның екеуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған», — деп хабарлады министрлік.

«Стелс” штаммын жұқтырған кезде қызудың көтерілуі, үздіксіз жөтел, иіс пен дәмнің жоғалуы немесе өзгеруі сияқты белгілер байқалады. Ұлыбританияның денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігі бастапқы «омикрондағы» ауырсыну көріністерімен «стелс омикрон» белгілерінің ұқсастығын атап көрсетеді.

Образовательные инициативы для молодых исследователей 

В АЛМАТЫ ПРОШЛА ЛЕТНЯЯ ШКОЛА ПО ВЫЧИСЛИТЕЛЬНЫМ СОЦИАЛЬНЫМ НАУКАМ...

Кассация Әділет жолындағы соңғы үміт пен сенім

Құқық пен әділет бір-бірінен ажырағысыз ұғым. Бірақ кейде сот...

Уважение к закону – со школьной скамьи

Вопрос формирования правового сознания у подрастающего поколения предполагает осознание...

Интеграция в глобальный тренд

Цифровая трансформация всех сфер общественной жизни не является исключением...