Қазақстанда коронавирустың «ұлыбританиялық» штамы тіркелді ме?

Коронавирустың жаңа штамы Қазақстанда тіркелген жоқ. Алайда вирустың ауа-тамшы жолдары арқылы тарау механизмін ескере отырып, оның елімізде анықталуы қаупін жоққа шығаруға болмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Былтыр қыркүйек айында Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы анықталған.

«Бүгінде вирустың бұл түрі бірнеше елде, оның ішінде Аустралия, Дания, Италия, Исландия, Нидерланд, Ресей және басқа да елдерде анықталған. Вирус, алдын ала мәліметтер бойынша, вирустың басқа түріне қарағанда жастар арасында тез тарайды. Алайда бұл тек алдын ала мәлімет. Феномен әлі де зерттеліп жатыр.

Қазақстанда тіркелген жоқ. Алайда вирустың ауа-тамшы жолдары арқылы тарау механизмін ескере отырып, оның елімізде анықталуы қаупін жоққа шығаруға болмайды», — деді Ерлан Қиясов ОКҚ алаңында өткен брифингте.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...