Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны шамамен қашан басталатыны айтылды

Алексей Цой болжамдар маска киетін, арақашықтықты сақтайтын адамдардың жалпы процентіне байланысты болатынын атап өтті. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны қашан болжанып отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, бүгінде министрлік болжам жасап, қазіргі жағдайды бағалаумен айналысып жатыр.

«Ең дәл болжам екі апта мерзімге жасалады. Біз әр күні алатын көрсеткіштер құбылып тұрады. Бұл болжамдар маска киетін адамдардың жалпы процентіне байланысты болады, — дейді Алексей Цой.

Яғни, министрдің пікірінше, шектеу шаралары – әлеуметтік арақашықтық және маска режимі болжамға әсер етеді.

«Шамамен қараша-желтоқсан айларында өсім болуы мүмкін. Оған коронавирустың болжанып отырған екінші толқыны мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың, тұмаудың қабаттасуы әсер етеді», — деді Цой орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұған дейін Еуропа өңірінде (Италия, Испания, Германия, Түркия, Оңтүстік Корея) науқастардың саны күрт өскенін атап өтті.

ТМД елдерінде ауру өсімі 0,5% құрап отыр, бұл Қазақстанға қарағанда бес есе жоғары

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

В фокусе безопасности

На территории ВосточноКазахстанской области прошло республиканское оперативнопрофилактическое мероприятие «Правопорядок»,...

«Алатау аманаты»

Все страны, заинтересованные в увеличении туристического потока, чтобы вызвать...

Новые штрафы и пределы допустимого наказания

В ПОСЛЕДНИЕ ДНИ В ОБЩЕСТВЕННОМ ПРОСТРАНСТВЕ АКТИВНО ОБСУЖДАЮТСЯ ИЗМЕНЕНИЯ,...