Қазақстанда кейінгі тәулікте 2883 адамнан COVID-19 анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, бір күн бұрынғы жағдай бойынша, 2682 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған болатын.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны — 316 965.
Сонымен қатар, кейінгі тәулікте 2850 адам коронавирустан айығып шықты.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы — 413, Алматы қаласы — 931, Шымкент қаласы — 6, Ақмола облысы — 116, Ақтөбе облысы — 230, Алматы облысы — 329, Атырау облысы — 153, Шығыс Қазақстан облысы — 76, Батыс Қазақстан облысы — 166, Қарағанды облысы — 177, Қостанай облысы — 17, Қызылорда облысы — 70, Маңғыстау облысы — 24, Павлодар облысы — 92, Солтүстік Қазақстан облысы — 38, Түркістан облысы — 12.
Қазақстан бойынша аурудан айыққандар саны — 271 289.