Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр

Қазақстанда тәулігіне коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Мұны COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК дерегінен байқауға болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен тәулікте, яғни 12 қазанда ПТР сынамасы оң нәтиже берген 58 жаңа COVID-19 жағдайы және ПТР сынамасы теріс нәтиже берген коронавирус белгілері бар пневмонияның 5 жағдайы тіркелді.

13 қазандағы жағдай бойынша 1075 адам (933 КВИ+ және 142 КВИ-) әлі де COVID-19-дан ем алып жатыр.

Коронавируспен ауыратын 106 пациент стационарда, 969 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

4 адамның жағдайы ауыр,

4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 13 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 10 838 699 адам, II компонентін 10 598 498 адам салдырды. 

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...

Памяти акына

ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ АКЦИЯ, ПРИУРОЧЕННАЯ К 180-ЛЕТИЮ ЖАМБЫЛА ЖАБАЕВА, ПРОШЛА В...

Инвестиция в будущее

ЗАНЯТОСТЬ НАСЕЛЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ РАССМАТРИВАЕТСЯ КАК ФАКТОР АДАПТАЦИИ РЫНКА...