Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Бүгін Қазақстанда халықты коронавирус инфекциясына қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау басталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Елордада бастапқы кезеңде вакцинация №2, №4, №6, №7, №9 қалалық емханаларында жүргізіледі. Бірінші кезеңде (ақпан) тәуекел тобына жататын медицина қызметкерлері (жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел-жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалы ауруханалардың қабылдау бөлімдері) қызметкерлері вакцинацияланады», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, коронавирусқа қарсы вакцина тегін салдыра алады және кез келген адам вакцинадан жазбаша түрде бас тартуға құқылы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 ақпанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталатыны хабарланған болатын.

Бұрын қол жеткізілген келісімдер негізінде Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді.

Ақпанда Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені 112 мың доза, наурызда 150 мың, сәуірден маусымға дейін ай сайын 600 мың доза вакцина жеткізеді.

Цифровизация и контроль 

С 2026 года казахстанский бизнес работает по новым правилам....

Запрос на справедливость

ОБСУЖДЕНИЕ АДМИНИСТРАТИВНОЙ АМНИСТИИ В МАЖИЛИСЕ ВЫШЛО ЗА РАМКИ ГУМАНИЗАЦИИ...

Современные образовательные подходы

АКАДЕМИЯ ГРАЖДАНСКОЙ АВИАЦИИ В РАМКАХ РАЗВИТИЯ МЕЖДУНАРОДНОГО СОТРУДНИЧЕСТВА ПОДПИСАЛА...

Энергия добра

В ЮЖНОЙ СТОЛИЦЕ КАЗАХСТАНА ВОЛОНТЕРСКОЕ ДВИЖЕНИЕ СРЕДИ ПРОАКТИВНОЙ МОЛОДЕЖИ...

Символ семейного счастья 

БУКВАЛЬНО НЕДЕЛЮ НАЗАД В НАШЕЙ СТРАНЕ ЗАВЕРШИЛАСЬ ДЕКАДА ПРАЗДНОВАНИЯ...