Қазақстанда кедейлік деңгейі жоғары аймақтар анықталды

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде кедейлік деңгейі артып, күнкөріс деңгейі төмендеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып, деп жазады stan.kz.

«Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2020 жылғы IV тоқсанда 4,6%-ды құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,8 пайызға жоғары», — деген статистика келтірілді.

Бюро ұсынғандай, 2020 жылдың IV тоқсанында кедейлік деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Түркістан (10,3%), Солтүстік Қазақстан (5,8%) және Маңғыстау (5,7%) облыстарында байқалды, ал ең төмені Нұр-Сұлтан қаласында (1,5%) тіркелді.

«Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2020 жылғы IV тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,7 есені, азық-түлік емес тауарларға – 8 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 5,5 есені құрады», — делінген хабарламада.

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЛЫС КҮНІН ТОЙЛАДЫ

Бүгін Абай университеті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін...