12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда көлік нөмірлеріне арнайы элементтер қосылды

Қазақстанда ұлттық стандарт енгізілді. Оған сәйкес автокөліктердің мемлекеттік нөміріне фальсификациядан (жалған) қорғауға арнайы және қосымша элементтер қосылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚазСтандарт» ҚТРМ МТИ баспасөз хатшысы Әсел Есмағанбетованың айтуынша, биыл 1 қыркүйектен бастап ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандарты қолданысқа енгізілген.

«Онда автокөлік нөмірлері мен оларға арналған бланкілерге қойылатын талаптар жазылған, оларда қолдан жасаудан (жалған) қорғау үшін қажетті арнайы және қосымша элементтері болуы керек. Стандарт мемлекеттік тіркеу белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғау элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді», — делінген ведомство хабарламасында.

Полиция қызметкерлері нөмірлердің түпнұсқа екенін тексере алатын бірегей DMC-кодтарын қолдану қосымша қауіпсіздік элементтеріне жатқызылғаны айтылды.

«Арнайы қорғаныс элементтерін нөмірдің бетінен химиялық жолмен немесе физикалық әсер ету арқылы алып тастауға болмайды және ол нөмірде сақталуы тиіс», — деді баспасөз қызметі өкілдері.

ҚР СТ 986-2022 енгізу өнім өндіру бағасының өзгеруіне, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқпайтыны түсіндірілді.

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті

Алматыда «Сириус» білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында I Таланттар...

Экологиялық қылмыстар жазасы қатаң 

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстің 13-тарауымен бекітілген. Осы...

Правительство намерено пересмотреть подушевое финансирование в сферах образования и здравоохранения

Правительство Казахстана начало системный пересмотр механизмов государственно-частного партнёрства в...

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру...