Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын көтеруге мораторий жарияланады

Әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыруды 2028 жылға дейін тоқтату үшін арнайы заң қабылданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында осылай деп мәлім етті.

«Бұдан басқа, алпыс бір жасты белгілей отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін арттыруға мораторий енгізуді және 2023 жылғы бірінші қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлем тағайындау кезеңінің ұзақтығын бір жарым жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданады», — деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45 процентіне дейін ұлғаятынын атап өтті.

«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың арнайы жинақтаушы шоттарына Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісінің 50 процентін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз, кейіннен оларды тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалану мүмкіндігімен аударуды көздейтін «Ұлттық қор — балаларға» жобасын іске қосу жоспарланған», — деді министр.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...