Қазақстанда ет айтарлықтай қымбаттады

Қазақстанда бір жыл ішінде ет, әсіресе сиыр еті, жылқы еті мен қой еті қымбаттады. Еттің кей түрі бірден 16 пайызға қымбаттаған, — деп хабарлайды Energyprom

Сарапшылардың мәліметінше, 2020 жылдың үшінші тоқсанында әрбір қазақстандық орта есеппен 21,3 келі ет пен ет өнімін тұтынған. Бұл 2020 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 1 келіге және 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 1,4 келіге көп. Осылайша, елде ет өнімін тұтыну бір жылда жеті пайызға артқан.

«Ет тұтынатындар Қазақстанның барлық өңірінде артты. Қарағанды облысында әр тұрғын орташа есеппен 26,8 келі ет тұтынған. Одан кейін Ақмола облысының (25,4 келі) және Алматы қаласының (25,2 келі) тұрғындары.

2020 жылдың үшінші тоқсанында ет тұтынатындар саны өсуі Қарағанды облысында (3,3 келі), Нұр-Сұлтанда (2,7 келі) және Жамбыл облысында (2,3 келі) байқалады», — делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Құрылтай сайлауының барысында өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ – «Халық үні»

Алматыда «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобы Құрылтай сайлауы күні...

Қазақстан сайлау барысын азаматтарға үзбей хабарлап отыруды қамтамасыз етті – Ресейден келген халықаралық байқаушы

Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары мен сайлау комиссиялары Құрылтай сайлауын...

Рухани-адамгершілік әдебиетті зерделеу

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме қызметкерлері рухани-адамгершілік және...

Изучение духовно-нравственной литературы

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности в рамках...