12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда энегетика саласы қызметкерлерінің жалақысы артады

Энергетиктердің еңбекақысын көтеру бағытында бірқатар шара қабылданып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы энергия өндіруші ұйымдар электр қуатын өндіруге шекті тарифті түзету кезінде өндірістік жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша шара қабылдады. Ол бойынша еңбекақыны 15% көбейту көзделген. Сонымен қатар табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясын өндіру тарифінде еңбекақы төлеу қорын жыл сайын 4% өсіру қаралған. Осыған байланысты 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖЭО өндірістік қызметкерлер жалақысының орташа өсімі — шамамен 10%», — деді Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Үкімет басшысының айтуынша, Энергетика министрлігі, электр энергетикасы қауымдастығы және салалық кәсіподақтар атынан жұмыс берушілер арасында қол қойылған 2022-2024 жылдарға арналған салалық келісім шеңберінде энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру көзделіп отыр.

«Сондай-ақ, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган жылдық статистикаға сүйене отырып, экономикалық қызмет түрлері бойынша өңірлер бөлінісінде өндірістік және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын айқындау жөніндегі талапты белгілеу бөлігінде тариф қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр» — дейді ол.

Государственный советник вместе с членами Общенациональной коалиции провели ряд встреч с населением области Абай

Государственный советник Ерлан Карин совместно с членами Общенациональной коалиции «За...

Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы...

Экспертное мнение о конституционной реформе РК

Президента и эксперта «Центра исследований стран ЦА и перевода»  Ахмеда Мустафы...

Дыхание искусства

ВЫСТАВКА С ТАКИМ НАЗВАНИЕМ ОТКРЫЛАСЬ В АКМОЛИНСКОМ ОБЛАСТНОМ ИСТОРИКО-КРАЕВЕДЧЕСКОМ...

КазНУ формирует экологическую культуру

В Казахском национальном университете им. аль-Фараби постоянно проходят мероприятия,...