Қазақстанда электр энергиясын қымбаттату жоспарланды

Энергетика министрлігі электр энергиясының тарифтеріне өзгеріс енгізу туралы бұйрық жобасын дайындады. Онда тарифтерді 2021 жылдан бастап көтеру ұсынылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 2020-2025 жылдар аралығында тариф бірдей болған. Ал ұсынылған кестедегі тарифтер мынадай:

Ақпарат бойынша, министрлікке 37 энергия өндіруші ұйымнан (ЭӨҰ) шекті тарифтерді арттыруға өтінім түскен.

Құжаттағы ЭӨҰ шығындарының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар:

  • жаңартылатын энергия көздері үшін жыл сайын өсіп келе жатқан үстемеақы;
  • курстық ауытқуларға ұшыраған импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге шығындардың ұлғаюы (қазандық-турбиналық, сорғы, күл ұстағыш);
  • бағамдық ауытқуларға ұшыраған импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге (қазандық-турбина, сорғы, күл ұстағыш жабдықтар және т. б.);
  • «Богатырь Көмір» ЖШС көмір құнының өсуі.

«Құжат бекітілген уақыттан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап электр энергиясына шекті тарифтер өзгереді», — делінген бұйрық жобасында.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, ол 25 наурызға дейін талқыланады.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде оңалтудан кейінгі күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...