Қазақстанда дүниеге келген шетелдіктердің балаларына туу туралы куәлік беріледі

Қазақстанда дүниеге келген өзге ел азаматтарының балаларына туу туралы куәлік беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев айтты.

Оның айтуынша, Қазақстанның медицина мекемелерінде дүниеге келген әр нәрестеге, яғни анасының мәртебесіне қарамастан, туу туралы куәлік беріледі.

Атап айтқанда, көші-қон процестерінде балалар құқығын қорғау бойынша үш жылдық бағдарлама аясында 1 мыңнан астам жеткіншек туу туралы құжат алып, оларға білім беру әрі әлеуметтік қызметтер бойынша жағдай жасалды.

Е. Иманғалиевтің пайымынша, көші-қон процестерінде қамтылған балалар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстарды жалғастыру керек.

«Көші-қон бойынша қамтылған балалардың мәселесі әкімшілік проблемаларға қатысты болып тұр. Бұл ретте тұрғылықты жері бойынша тіркелмеуі, Қазақстанда еңбек мигранты ретінде ата-анасының мәртебесінің реттелмеуі, сондай-ақ азаматтығының болмауы мәселесі бар», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел отырысында.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...