12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда бизнеске қойылатын талаптардың шамамен 20 пайызы қысқартылады

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бизнеске жүктеме қаншалықты төмендейтінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Әлихан Смайылов ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан осы жылғы қорытындылар бойынша кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды қайта қарау нәтижесінде бизнеске әкімшілік жүктеме қаншалықты төмендейтіні туралы сұрады.

Әлібек Қуантыров министрлік талаптың шамамен 20 пайызын жоюды болжап отырғанын айтты.

«Қазіргі уақытта «бизнесті жаңа парақтан бастау» саясаты қолданылады. Қазірдің өзінде 9 салада 22 мыңнан аса талапты анықтадық, олардың 17 пайызы, яғни 3,8 мың талаптың күші жойылады, не қайта қаралады, не жылдың аяғына қарай қысқартылады. Біз талаптардың шамамен 20 пайызын алып тастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, міндетті есептіліктің 35-тен аса түрі қысқартылады», — деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Цифрландыру министрлігімен бірлесіп адам факторын болдырмау үшін бақылау жүйесі құрылып жатыр.

«Биыл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлікті тексеруге мораторий тағы бір жылға ұзартылады. Бұл шаралар бизнеске әкімшілік жүктемені және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады», — деп түйіндеді министр.

Алматыда «Сириус» мектебі мен білім беру орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті

Алматыда «Сириус» білім беру орталығымен ынтымақтастық аясында I Таланттар...

Экологиялық қылмыстар жазасы қатаң 

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстің 13-тарауымен бекітілген. Осы...

Правительство намерено пересмотреть подушевое финансирование в сферах образования и здравоохранения

Правительство Казахстана начало системный пересмотр механизмов государственно-частного партнёрства в...

Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру...