12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанда бизнес қызметінің шектеулері азайтылды

Қазақстанда бизнес субъектілері қызметінің шектеулері азайтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

«Күн тәртібіндегі негізгі мәселе пандемия кезеңінде бизнестің қызметін қамтамасыз ету үшін шектеу шараларын қайта қарау туралы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысы берген тапсырмасын орындау бойынша шараларды әзірлеу болды. Талқылау қорытындысы бойынша ВАК Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған бизнес субъектілері қызметінің шектеулерін азайту жөніндегі шараларды қолдады», — делінген комиссия баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі бойынша жұмыс істейтін объектілер үшін эпидемиологиялық тәуекелдің барлық аймағында («жасыл», «сары», «қызыл») карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы шешім қабылданған.

Сондай-ақ, ВАК мәліметінше, «көк» мәртебесі бар келушілер үшін жұмыс істейтін бизнес объектілері үшін эпидемиологиялық қатер аймағына байланысты карантиндік шектеулерді әлсірету мәселесі қаралды. Жасыл аймақта-шектеусіз, сары, қызыл аймақтарда карантиндік шектеулерді толымдылықты арттыру бойынша жеңілдету және жұмыс режимі бойынша шектеулерді алып тастау бағытары қаралды.

«Вице-премьер карантиндік шектеулерді алып тастау кәсіпкерлер тарапынан санитариялық талаптарды мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету бойынша жауапты қадамдарды талап ететінін атап өтті.

Премьер-Министрдің орынбасары COVID-19 инфекциясының өте жұқпалы нұсқасы болып табылатын «омикрон» штамының тез таралуына байланысты қазіргі қиын жағдайда ВАК эпидемиологиялық жағдайды түзету үшін барлық ресурстарды жұмылдыруды ұсынғанын және басты басымдық халықты вакцинациялау және ревакцинациялау екенін атап өтті», — делінген хабарламада. 

Кеңес соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды, ол үшін мамлюке вакциналардың жеткілікті санын бөлді. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде Үкімет қабылдайтын іс-шаралардың орындалуын бақылауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

2 наурызда Мемлекеттік күзет қызметіне үміткерлерді іріктеу басталады

2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан...

Татуласу рәсімдерінің құқықтық негіздері және оларды жүргізу тәртібі

Бүгінгі таңда соттарда қолданылатын медиацияның мақсаты дауды (жанжалды) шешудің...

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет

Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз....

В РУСЛЕ ЗАЩИТЫ ПРАВ И СВОБОД

Обсуждение проекта новой Конституции в январе-феврале 2026 года стало...

НА ПРИНЦИПАХ ТРАНСПАРЕНТНОСТИ И ИНКЛЮЗИВНОСТИ

Деятельность Комиссии по конституционной реформе демонстрирует системный и научно...