Қазақстанда біртұтас автожол компаниясы құрылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында елде біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев Қазақстандағы автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт келгенін мәлімдеді. 

«Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық», – деді президент. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы елде екі компания жұмыс істегенімен, тұрғындардан түсетін арыздың азаймай тұрғанын қосып өтті. 

«Ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады», – деп қосты ол. 

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...