Қазақстанда биоқауіпсіздік туралы заң әзірленеді — Цой

Биыл Қазақстанда «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, заң жобасы төтенше жағдай кезінде биологиялық қорғауды қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Төтенше жағдай кезінде биологиялық қорғауды қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру қажеті туындады. Оған заманауи қорғаныс құралдарын енгізу мен олардың терроризмге қарсы тұрақтылығын арттыру да қосылады. Осыған байланысты 2021 жылы «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заңды әзірлеуіміз керек», — деп хабарлады ведомство басшысы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, бақылау жүйесін жетілдіру үшін 38 НҚА-ға халықтың денсаулық жағдайын бағалау, талдау және болжау жүйесін дамыту, сондай-ақ қауіп-қатерлерге ден қою бөлігінде түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің инфрақұрылымын жаңғырту үшін 2,9 миллиард теңге сомасына 459 зертханалық жабдық және КВИ мен аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау үшін 12 дана мобиль кешен сатып алынды.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...