Қазақстанда бидай мен ұн экспортына шектеу енгізілді

Ауыл шаруалышығы министрлігі елімізде бидай мен ұн экспортына шектеу енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ауыл шаруашылығы министрінің 16 сәуірдегі №110 «Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылады:

  • бидай мен меслинге – 1 млн тонна; 
  • бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна. 

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10%-ын белгіленген баға бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі (бидайдың тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жұмсақ бидай жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланады). 

«Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататыны туралы хабарлаймыз», — делінген министрлік мәлімдемесінде.

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.