Қазақстанда бензин арзандай ма? Министр жауабы

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда жақын арада бензин арзандауы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан ТМД елдері мен дүние жүзінде бензин бағасының арзандығы бойынша алғашқы бестікке кіретінінен бастайық. Бұл бестікте нарықтық қатынас мүлде жоқ елдер кіреді және т.б.», — деді Ақшолақов брифинг барысында.

Министр Қазақстандағы мұнай өнімдері бағасының төмендігі көршілес мемлекеттерге үлкен көлемде рұқсатсыз тасмалдануы себебінен болғанын айтты.

«Былтыр не себепті тапшылық көрдік? Өйткені мұнай өнімдері шекарадан бақылаусыз тасымалданды. Экспортқа тыйым салынғанына қарамастан. Ресейдің мұнай өнімдері арзан болуы мүмкін, бірақ қазір қымбаттады, өйткені Қазақстан мен Ресейдегі баға арасында өте үлкен алшақтық болды – шамамен 100 теңге. Ресейлік өнім біздікінен арзандап, нарықты толтырып жатқаны байқалмайды», — деді министрлік басшысы.

Ақшолақовтың айтуынша, АИ-92 және АИ-93 бағасы 192 теңге, АИ-95 215 теңге, бір литр дизель 230 — 260 теңге деңгейінде қалады.

«Акцизге келетін болсақ, мұнай өнімдерін сату кезінде маржаның белгілі бір бөлігін алған өнімсіз делдалдарды алып тастау ұйғарылды. Маржаның бұл үлесі акциздер түрінде мемлекетке түседі. Баға өспейді. Жаңа акциздер қолданылғандықтан баға көтерілмейді, бірақ оның төмендеуі де екіталай. Баға әлі де сақталып тұр», — деп түйіндеді министр.

Армрестлингтен Әлем чемпионы атанған полицей оқушыларға шеберлік сабағын өткізді

Әлемдік спорт аренасында Қазақстанның абыройын асқақтатқан тәртіп сақшылары жас...

Исчезнувшая семья: следствие нашло ответ

РЕЗОНАНСНОЕ ДЕЛО В АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ ПОЛУЧИЛО РАЗВЯЗКУ. ТРАГЕДИЯ, НАЧАВШАЯСЯ...

Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады

Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын...

Тұғыры биік туған тіл

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани тірегі. Әр халықтың...

Электронды сот отырысын ұйымдастыру – сот жүйесіндегі тиімді жаңашылдық

       Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам өмірінің барлық саласына...